Басты Жаңалықтар Жалған QR кодтар көбейді

Жалған QR кодтар көбейді

Сақ болыңыз! Қоғамдық орындарда жалған QR кодтар көбейді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айтты. Шын QR-ды  жалған кодтан қалай ажыратамыз? Тұрғындар нені білуі керек? Жанел Нұрболатқызы тарқатады.

Жанел Нұрболатқызы, тілші:

QR код арқылы төлем жасаймын деп алданып қалмаңыз!  Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтардың тағы бір схемасын әшкереледі. Жағдай дәмханада болған. Мейман үстелдің үстінде тұрған QR-ды сканерлейді. Әдеттегідей мәзір ашылады. Бір қарағанда күдікті ештеңе жоқ. Бірақ, тамақтанып болғасын «СМС арқылы төлем жасай аласыз» деген хат келеді. Тұрғын соған иланып, кодты енгізген. 20 минуттан кейін шотынан 180 мың теңге жымқырылды. Кейін әлдебіреудің түпнұсқа QR-дың үстіне жалған кодты жапсырып кеткені анықталды. Тағы бір оқиға автотұрақта болған. Ер адам кьармен 500 теңге төлемекші боп сілтеме арқылы өтіп, карта деректерін енгізеді. Кейін шотынан бірнеше рет қомақты қаржы шешілген. Автобустарда өз кьюарын жапсырып, пайда таппақшы болғандар да есте.
«Шын QR көрініп тұрады. Жұрт қалай алданады?» дерсіз. Олай емес екен. Жалған код екенін бірден түсіну қиын. Дизайны, логотипі, құрылымын айнытпай жасайды. Алайда, анықтаудың бір жолы бар – алаяқтар доменді түпнұсқаға ұқсата алмайды. Айталық, сайттың атауы шын мәнінде NationalBank.kz болса, жалған сайттың мынадай нұсқалары болуы мүмкін. Яғни бір әрпі болса да өзгереді. Демек, кьарды түр-түсіне қарап, ажырата алмасақ та, төлем жасамас бұрын кімге, қайда жіберілетінін мұқият қарап алған дұрыс.  Ескеретін жайт, кьюар код арқылы өтіп, ешуақытта жеке деректерді енгізбеңіз. Егер енгізуді сұраса, бұл алаяқтардың ісі екеніне күмән жоқ дейді, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі. Ал жалған кьюарды сканерлеп қойған жағдайда не істеу керек? Бірден банкке хабарласып, картаны бұғаттауды сұраңыз. Өйткені көп жағдайда жалған кьар арқылы төлем бірден емес, бірнеше минуттан кейін өтеді. Негізі кюьар жасау оңай. Өз инстаграмыңызға, сайтыңызға сілтеме ретінде тез-ақ дайындауға болады. Бірақ заңға сәйкес, ақша жымқыру, алдау үшін пайдаланғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Бөлісу