АҚШ-та боранға байланысты төтенше жағдай жарияланды
АҚШ-тың Нью-Йорк, Нью-Джерси, Пенсильвания, Коннектикут тәрізді бірнеше штатында қыс қаһарына мініп, төтенше жағдай жарияланды. Жексенбіден бері боран соғып, қар жауып тұр. Ақ ұлпа қалыңдығы кей жерлерде 60 сантиметрге жеткен. Ауа райының қолайсыздығынан 600 мыңдай үй мен кәсіпорын электр жарығынсыз қалды. 5700-ге жуық ұшақ рейсі кейінге қалдырылды, кейбірі мүлде доғарылды. Жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Ал мектептерде сабақ онлайн өтіп жатыр. Электр қуаты мен коммуналдық қызмет көрсетуді қалпына келтіруге бірнеше күн қажет болуы мүмкін.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14