Павлодар облысында 107 инвестициялық жобасы қолға алынды
Павлодар өңірінде жалпы құны 7,3 трлн теңгенің 107 инвестициялық жобасы қолға алынды. Нәтижесінде 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бар. Алдымен жас мамандар қамтылады. Қазірдің өзінде 100-ден аса ірі кәсіпорын оларды жұмысқа алуға дайын. Ал білім беру саласы брйынша 50-ден астам бағдарлама, 20-дан астам стартап-жүзеге жүзеге асырылуда, IT-хаб жұмыс істейді. Спорттық, мәдени және қоғамдық бастамаларға қатысуға арналған 30-дан астам платформа бар, деді Ақсу қаласының жастарымен кездескен облыс әкімі Асайын Байханов.
Әңгіме негізінен адам капиталын дамыту, мемлекеттің әлеуметтік бастамаларын іске асыру және жаңа Конституция жобасын талқылаудағы жастардың рөлі жайлы болды. Өндірісте жұмыс істеп жүрген өңірдің жас азаматтары әлеуметтік әділеттілік, заң үстемдігі, еңбек адамын қолдау, экологиялық жауапкершілікті дамыту және мемлекеттілікті нығайту туралы Ата Заңдағы өзгертулердің басымдылығы жайлы айтты.
Болатбек Кәкім, Ақсу ферроқорытпа зауытының сарапшысы:
Цифрландыру біздің өндірісте күнделікті кездеседі. Біз ақырындап цифрлық өндіріске көшіп жатырмыз. Сондықтан адамдардың цифрлық қауіпсіздігі Конституцияның жаңа бабында көрсетілген. Бұл маған деген ең басты баптардың бірі болып табылады. 15 наурыз күні өзімнің азаматтық борышым деп санаймын, Референдумға барып дауыс беру.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы