Басты Жаңалықтар Ақтауда шұғыл медициналық жәрдем станциясы іске қосылды

Ақтауда шұғыл медициналық жәрдем станциясы іске қосылды

Ақтауда жылына 100 мың шақыртуға қызмет көрсете алатын, заманауи үлгідегі жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы іске қосылды. Ғимарат орталықтандырылған біріккен диспетчерлік қызметпен, симуляциялық және оқу-практикалық орталықпен, сондай-ақ 20 санитарлық автокөлікке арналған жылы гаражбен жабдықталған. Мұнда дәрігерлердің сапалы жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Станцияға жергілікті әкімдіктің қолдауымен 32 санитарлық автокөлік және демеушілік көмек есебінен тағы 20 арнайы автокөлік берілді.

Айта кетейік, медициналық ғимарат Мемлекет басшысының тапсырмасымен, қайтарған активтер есебінен салынған. Мұндай нысан әзірге тек Астана қаласында ғана бар.

Гүлдариғаш Ботағарина, жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының бас фельдшері:

Бұл симуляциялық орталықтың бір жақсы жері айта кететін, жаңадан келген фельдшерлеріміз колледжден келген ғой әлі практика жүзінде көп көрмеген. Сол себепті бұрыннан жасап жүрген фельдшерлеріміз жаңадан келген фельдшерлерге осы жерде оқытып-үйретуге, тәжірибе алмасуға. Бұрын жасап жүрген фельдшерлер қайталаймыз, жаңадан келгендер іс қимылына қарап отырып үйренеді.


Бөлісу