Басты Жаңалықтар Конституцияның жаңа жобасында адам құқығына ерекше мән берілген

Конституцияның жаңа жобасында адам құқығына ерекше мән берілген

Конституцияның жаңа жобасына адам құқығы мен елдік мүддеге бағытталған жаңа нормалар көптеп енген. Бостандық, тәртіп, заңдылық және өзара жауапкершілікке шақырады дейді тұрғындар. Пікірлерді тыңдайық.

Сауалнама:

- Қарастырылып жатқан жаңа Конститутцияны алып қарайтын болсақ, ол жерде экология мәселесі экология мәселесі ұлттық қауіпсіздік деңгейіне көтеріліп отыр. Яғни, бұл Конститутциялық жаңа жобада осы экология мәселесі азаматтардың құқығын қорғауға, сонымен қатар олардың қолайлы өмір сүруіне барлықы жағдай жасауға міндеттеліп отыр.

- 145 депутаттан тұратын, жаңа әрі кеңейтілген өкілеттіктерге ие бір палаталы Парламент болуын қуана құптаймын. Оның құрамы пропорционалды сайлау жүйесі бойынша құрылады. Пропорционалды сайлау жүйесі партиялардың кадрлық саясатты дамытуына ықпал етіп, олардың институционалдық рөлін күшейтеді және саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтеді.

- Жаңа жобада «Неке – ерікті және тең құқықты әйел мен ердің одағы» деп көрсетілген. Бұл өте маңызды норма. Себебі, отбасы – қоғамның тірегі. Бұндай норманың, мұнда анықтаманың Конституция деңгейінде белкітілуі дәстүрлі құндылықтарды сақтауға, өз кезегінде ер мен әйелдің заң жүзіндегі құқықтарының тағы да бір тең дәрежеде сақталуына өз көмегін көрсетеді.


Бөлісу