«Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы Қызылорда облысында жалғасын табады. Алғаш рет бұл жоба 2017 жылдың қарашасында Алматыда басталып, бүгінге дейін еліміздің бес аумағында көрмені 730 мыңнан аса халық тамашалады.
Сыр өңірінде өтетін жоба бірнеше іс-шараны қамтиды. Ол Әлемнің үздік ғалымдарының қатысуымен халықаралық ғылыми конференция өткізу мен қатар Қызылорда облысы бойынша көшпелі экскурсиялар ұсынатын аумақтық кәсіби мәжілісті қамтиды.
Жергілікті тұрғындар Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаянын, еңбек қызметіне қатысты сирек суреттер, мұрағат құжаттарын көзбен көріп, ұстауға тыйым салынған жәдігерлерді қолмен ұстауға мүмкіндік алады- дейді елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов.
Әмірхан Рахымжанов, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының директоры:
Мұражайдағы жиналған экспонаттардың барлығын оның ішінде ең негізгісі ол ордендер. Көп жылы әрбір мемлекетттерде тапсырылған ордендерді және кітаптары бар, басқа да экспонаттар арқылы бүкіл елбасының өмірін, ол кісінің еңбек жолын көрсете тұра еліміздің жолын көрсетпекпіз.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ