Алматыда республикалық «Бала дауысы» ән байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда республикалық «Бала дауысы» ән байқауы басталды

01.04.2019

Алматыда республикалық «Бала дауысы» ән байқауы басталды. Биыл 4-ші рет өтіп жатқан сайысқа 8 бен 12 жас аралығындағы таланты балалар қатысуда.

Бұған тек мегаполистен 200-ге жуық өтініш түскен. Ал, әр аймақта осындай іріктеулер жүргізіліп жатыр. Ақтық кезеңге жолдама алған 17 үміткерді күз айында кәсіби музыканттар мен хореографтар, телевизиялық түсірілімдерге даярлайды. Байқау соңында ұйымдастырушылар жеңімпазға әйгілі «Диснейлендке» жолдама мен музыкалық оқу орынына тегін грант табыс етеді.

Толғанай Хасенқызы, «Бала дауысы» ән байқауының үйлестірушісі:

Өздеріңіз білесіздер, елімізде балалардың авторлық әндері, яғни, балаларға арналған әндер аз. Әндер жазып, балаларға тарту етіп жатырмыз.

 

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу