Басты Жаңалықтар Ақмола облысында жыл соңына дейін 1300 отбасы баспаналы болады

Ақмола облысында жыл соңына дейін 1300 отбасы баспаналы болады

Ақмола облысында биыл 26 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 1300-ден аса отбасы баспаналы болмақ. Ал жыл басынан Бурабай, Зеренді мен Сандықтау аудандарының кезекте тұрған 31 отбасына пәтер кілттері табысталды.

Баспаналы болғандардың қатарында әлеуметтік аз қамтылған жанұялар мен жетімдер және көпбалалы отбасылар бар. Сандықтау ауданында бұл мемлекеттік бағдарлама аясында салынған осымен екінші тұрғын үй.

Сонымен қатар өңірде бизнеспен ықпалдастықтың арқасында жекеменшік құрылыс компанияларынан дайын пәтер сатып алу жұмысы да жақсы жолға қойылған. Мәселен, былтыр осы әдіспен 750 отбасы баспаналы болды.

Досұлан Айтбаев, облыс әкімінің орынбасары:

Соңғы екі жылдың көлемінде облысымыз бойынша 5 мыңнан астам тұрғын баспанамен қамтамасыз етілді. Олардың басым көпшілігі әлеуметтік тұрғыдан мұқтаж жандарға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға арналған баспаналар. Жалпы, баспанамен тұрғындарды қамтамасыз ету Мемлекет басшысының ұстанған әлеуметтік саладағы саясатының басым бағыттарының бірі.


Бөлісу