Астанада 45 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Астанада кеше түнннен бастап жауған қар әлі тоқтар емес. Қалың қардан, қалада жүріп-тұру қиынға соғып жатыр. 45 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, көктайғақтан түрлі жарақат алғандар да бар. Қазір коммуналдық қызмет тоқтаусыз елорда көшелерін тазартып жатыр. Ал тас жолдардағы жағдай қалай? Әуе рейстерінде іркілу бар ма? Бізбен тікелей байланысқа тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес қосылды.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Кешелі бері бораған қар елордалықтарды әбден әбігерге салды. Екпінді жел мен көктайғақ салдарынан 80-нен астам адам түрлі жарақат алып, дәрігерлерге жүгінген. Сондай-ақ таңнан бері 45 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Полицейлер жүргізушлерді сақ болуға шақырып отыр. Қала көшелеріндегі қарды күреуге 3 000-нан астам жұмысшы мен 1 700-ден аса арнайы техника жұмылдырылды. Кеше түннен бері қала сыртына 2 095 рейспен 30 мың текше метр қар шығарылған. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, түнде ауа темперутарасы күрт суытып, көктайғақ болады. Сондықтан тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себіліп жатыр. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бұл жұмыс тәулік бойы, үзіліссіз жүргізіледі. «Қазавтожол» мамандарымен де тілдескен едік, олардың айтуынша, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарының кейбір участкелерінде көлік қозғалысы шектелген. Құтқарушылар бүгін Жетісу облысындағы «Үшарал-Достық» автожолында ішінде 32 жолаушысы бар 6 жеңіл, 11 жүк көлікті қар құрсауынан шығарған. Сондай-ақ Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жолда қалған 12 адам құтқарылды. Ақмола облысында патрульдік полиция күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Өңірдің кейбір жол учаскелерінде шектеу әлі де сақталған. Ал, Астанадан шығатын тас жолдар ашық, яғни жақын маңайдағы ауылдарға баруға шектеу қойылмаған. Өйткені жолдарды қазір 1000-нан астам техника мен 1500-ге жуық қызметкер қардан тазартып жатыр. Ал әуе рейстеріне келсек ауа райының қолайсыздығына байланысты, ұшып келуі тиіс 12 рейс, ұшып кетуі керек болған 6 ұшақ уақытынан кешіктіріліп жатыр.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін XXV қысқы Олимпиада ойындарының жалауы желбірейді
06.02.2026, 20:59
Әлем жаңалықтарына шолу
06.02.2026, 20:15
Қарлы боранда қалғандар құтқарылды
06.02.2026, 20:14
Жойқын желден Жаңатаста 10 үйдің шатыры ұшты
06.02.2026, 20:12
Мәжіліс төрағасы Беларуське ресми сапармен барды
06.02.2026, 20:10
ЮНИСЕФ: Желіге байланған әр бесінші бала зиянды контент қарайды
06.02.2026, 20:08
«Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды
06.02.2026, 20:08
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
06.02.2026, 20:07