Реформа: Конституция мәтінінің 84%-ы түзетіледі
Жаңартылған Конституция жобасында Преамбула, 11 бөлім және 104 бап бар. «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім енгізілді. Тағы 4 бөлімнің атауы өзгерді. Жаңа ғана аяқталған Конституциялық комиссия отырысында Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасы таныстырылды. Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдардан және сарапшылардан түскен барлық ұсыныс негізінде әзірленгенін айтты. Жалпы, өзгерістер мен толықтырулар Ата заңның барлық бөлімдерін қамтып, 77 бапқа түзетулер енгізілді. Бұл Конституция мәтінінің 84%-ын құрайды.
Бақыт Нұрмұханов, Конституциялық Сот төрағасының орынбасары:
Жиынтық жоба білікті заңгерлер мен лингвистерден құралған жұмыс топтарында қатар пысықталып жатыр. Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, мамандар Конституцияның нормаларын дұрыс жазу, мағыналық сәйкессіздіктер мен қарама-қайшылықтарды болдырмау үшін біраз жұмыс атқарды.
Сондай-ақ ол негізгі өзгерістерді де атап өтті: жаңа бір
палаталы Парламент моделі енгізіледі, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу
мүмкіндіктері кеңейеді, Конституциялық соттың құқық қорғау тетіктері мен Ата
заң негізінде құқық үстемдігін қамтамасыз ету бойынша қызметінің тиімділігі
артуы тиіс. Айтылып отырған нормалардың бәрі әзірге ұсыныс қана. Сонымен қатар отырыста мемлекеттің біртұтастығы, ел
аумағының бөлінбейтіндігі және оған қол
сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалатыны нақты айтылды.
Бақыт Нұрмұханов, Конституциялық Сот төрағасының орынбасары:
Қазақстан Республикасының Конституциясына белгілі бір аумақтарға қаржы саласында арнайы құқықтық режим енгізу немесе «жылдам даму қалалары» деп аталатын қалаларды құру мүмкіндігін қарастыратын норманы енгізу ұсынылуда. Бұл Астанадағы Халықаралық қаржы орталығының қызметі және Алатау қаласын дамытуға қатысты. Аталған шаралар республиканың тиімді экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Отбасы және неке ұғымы Конституциялық деңгейде күшейтіледі
28.01.2026, 17:30
2300 адам жол апатынан қайтыс болған
28.01.2026, 17:24
Түркі елдері табиғи апат кезінде жоспарды бірге құрады
28.01.2026, 17:21
Алтын бағасы алғаш рет 5300 доллардан асты
28.01.2026, 17:18
Трамп: Әкімшілік Миннесотадағы шиеленісті бәсеңдеткісі келеді
28.01.2026, 17:15
Ресей ажырасу бойынша әлемде 3-орынға шықты
28.01.2026, 17:12
Маңғыстау облысында нәресте өлімі азайды
28.01.2026, 17:09
Марқұмның туыстары орган донорлығына келісім берді
28.01.2026, 17:06