Альпинист 508 метрлік ғимаратқа өрмелеп шықты
Бұл - Америкалық альпинист Алекс Хоннальд. Ол Тайваньдағы биіктігі 508 метрлік ғимараттың басына ешқандай арқансыз, қауіпсіздік белдігінсіз өрмелеп шықты. Қаладағы басты нысандардың бірі саналатын әрі туристер арасында танымал Taipei 101 шыңын альпинист бар болғаны бір жарым сағатта бағындарып, селфи жасады. Бұл көрініс желіде жылдам тарап кетті. Оған ғимарат басшылығы мен қала әкімдігі рұқсат еткен. Алекс Хоннальдтың кезекті сынағын тікелей эфирде көрсетіп, мыңдаған көрермен өз көзімен тамашалады. Қол бұлғап, қошемет көрсетті.
Дэнни Лин:
Басында қатты қобалжыдым. Бірақ Алекс жоғары көтеріле берген соң сенімім де артты. Ол ойланбай әрекет ететін адам емес. Көп дайындыққа сүйенеді.
Алекс Хоннальд, альпинист:
Жел өте қатты соғып тұрды. Шпильден құлап кетпуге тырыстым. Тепе-теңдікті сақтауға барынша мән бердім. Ғимарат басында тұрып, қаланың ғажап көрінісін тамашаладым. Біздің мұнда келгенімізге бір аптадай болды. Содан бері күн жаңбырлы болды. Ал бүгін, міне, күн тамаша болып тұр. Көз жеткен жердің бәрі көрінді.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сабақта ұялы телефон ұстауға тыйым салынып жатыр
13.04.2026, 10:12
Солтүстік Қазақстанда өрт қауіпсіздігін дрондар бақылайды
13.04.2026, 10:11
Ресейдің 12 қаласында Жамбыл Жабаевқа көше аты берілген
13.04.2026, 10:10
Венгриядағы сайлауда оппозициялық партия жеңіске жетті
13.04.2026, 10:09
АҚШ пен Иран ортақ келісімге келген жоқ
13.04.2026, 10:08
Азия чемпиондары елге оралды
13.04.2026, 10:07
«Артемида-2» миссиясы: Айды игерудің жаңа дәуірі басталды
12.04.2026, 20:13
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, үш бала мерт болды
12.04.2026, 20:11