Ақтөбелік Жедел жәрдем қызметкерлері кәсібіне деген адалдығымен жұртшылықтың ризашылығына бөленді
Жолдағы жанкештілік. Ақтөбелік Жедел жәрдем қызметкерлері кәсібіне деген адалдығымен жұртшылықтың ризашылығына бөленді.
Олар денсаулығы нашарлаған тұрғынды ауруханаға жеткізу барысында темір жол өткелі жабық болып, көлік кептелісінде қалып қойған. Сол сәтте науқас есін жоғалтып, клиникалық өлім жағдайына түскен. Ақ халаттылар көп ойланбастан реанимациялық процедураны бастап, тұрғынды ажалдан арашалап қалды. Фельдшерлер Диас Төлеш пен Несібелі Омарханова және жүргізуші Құдайберген Мейрамбек біздің орнымызда болса, кез-келген әріптесіміз осылай әрекет етер еді дейді. Әлеуметтік желіге тараған бейнекөріністі ризашылық білдіру мақсатында науқастың туысы жариялаған.
Нұркелді Бақтыбаев, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы кәсіподақ ұйымының төрағасы:
Егер сіз жолда кездесіп қалып жатсаңыз, жедел жәрдем қызметкерлеріне құрмет көрсетіп, кептелістен өткізіп жіберуге тырысыңыз. Себебі, адам өмірінің амандығы үшін, денсаулығы үшін біздерге бір секунд та маңызды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы