БҚО-да көктайғақтан 900-ге жуық адам жарақат алды
Батыс Қазақстан облысында қыс басталғалы 863 адам көктайғақта құлап, зардап шекті. Науқастардың аяқ-қолы сынып, жабық бас-ми жарақатын алған, миы шайқалған. Облыс бойынша дәрігерге жүгінгендердің 356-ы ауруханаға жатқызылды. Амбулаторлық ем алған науқастарға түрлі медициналық көмек көрсетілген. Гипс салынып, сынық орнына келтіріліп, жарақаттар өңделген. Дәрігерлер тұрғындарға көктайғақта таймайтын табаны бар аяқкиім киюге, қолды қалтаға салмай жүруге кеңес берді. Ал құлаған жағдайда қолды тіремей, басты қорғап қалу қажет. Айта кетейік, былтыр 1766 адам көктайғақтан жарақат алған еді.
Нұрсұлтан Орынбасаров, облыстық rөпбейінді ауруханасы қабылдау бөлімінің травматолог дәрігері:
Науқастар қол, білек, иық сүйектерінің және кеуде тұсы, қабырға сынықтарымен жүгінеді. Қарт науқастардағы сан сүйегінің сынықтары өте қауіпті боп келеді. Таймайтын аяқкиім, арнайы жабдықталған таймайтын құралдарды пайдалануға және асықпай, баяу жүру ұсынылады.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12