Басты Жаңалықтар Бейнеу-Сексеуіл автожолының құрылысы басталады

Бейнеу-Сексеуіл автожолының құрылысы басталады

Биыл елімізде бұрын-соңды болмаған ауқымды инфрақұрылымдық жобалар басталады. Автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңғырту – айрықша маңызды міндет. Бұл еліміздің батыс пен шығыс арасындағы транзит дәлізі ретіндегі рөлін арттыра түседі. Екіншіден, облыстар арасындағы көлік байланысын барынша жақсартады деді Президент құрылтайда. «Қызылорда – Жезқазған» жолының Қызылордаға тиесілі бөлігі салынды. Жыл соңына дейін Ұлытау облысындағы бөлігі тапсырылады. Жолдың  ұзындығы 400 шақырымдай. «Батыс Еуропа- Батыс Қытай » – Қазақстандағы ең негізгі жолдың бірі. Президент осы магистральдің Қызылорда – Ақтөбе арасындағы бөлігі тар болғандықтан, жолды кеңейту туралы тапсырма берген еді. Биыл осы бағытта 4 жолақты күре жолдың құрылысы басталады. Сонымен қатар Қарағанды – Жезқазған бағытындағы ескі жолдың қапталына екі жолақты жаңа жол салу көзделіп отыр. Сондай-ақ биыл «Сарыағаш айналма» жолы мен «Бейнеу – Сексеуіл» автожолының құрылысы басталады. Жоба жүзеге асқан соң, «Орта дәліздің» қашықтығы 900 шақырымға қысқарып, Ақтау мен Құрық порттарына тура жол ашылады.

Өмірбек Сағындықов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

Республикалық маңыздағы Бейнеу-Сексеуіл автомобиль жолы – жолдың жалпы ұзындығы 559 шақырымды құрайды. Бұл жолдың бізге берер нәтижесі. Мына Қытайдан Еуропаға жеткізілетін жүктердің жеткізу ұзақтығын 900 шақырымға дейін қысқартуға дейін мүмкіндік береді. Маңғыстау облысының транзиттік әлеуетін арттырады.


Бөлісу