Кәсіпкерлер салық режимін таңдап, хабарлама беруі керек
Кәсіпкерлер бірінші наурызға дейін оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимін қолдану үшін хабарлама тапсыруы қажет. Оны салық төлеушінің кабинеті, «E-Salyq Business» арнайы мобильді қосымшасы немесе екінші деңгейлі банк қосымшасы арқылы жіберуге болады. Ал ондай мүмкіндігі болмаса, жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз түрінде алып баруы керек. Егер талап орындалмаса, салық органдары бизнес өкілін автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстыруға құқылы. Жауапты орган өкілінің айтуынша, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар мен фермерлер хабарлама тапсырмаса да болады. Бұл қызметті салық органдары автоматты түрде жүзеге асырады, дейді. Сонымен бірге, көктемнен бастап патент немесе арнайы мобильді қосымша арқылы жұмыс істейтін азаматтар жеке кәсіпкер ретінде есептен шығарылады. Олар әрі қарай 4 пайыздық әлеуметтік төлемдерді төлесе жеткілікті.
Әрбір режимнің тиісінше шарттары бар. Яғни біріншіден, оңайлатылған декларация негізіндегі режимі үшін жылдық табысы 2,5 млрд. теңгеден аспауы қажет, яғни 600 000 АЕК. Екіншіден, белгілі бір тізім бар: Үкімет қаулысымен бектіліген тізім. Сол тізімге сәйкес 44 қызмет түрі енгізілген, яғни осы қызмет түрлерін қолдануға құқығы жоқ. Егер 44 қызмет түріне енбейтін болса, осы салық түрін төлеуге құқылы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы