Бүгін Ұлттық музейде Ашық есік күні. Осыған байланысты мұражайда «Наурыз – жаңару нышаны» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Концерттік бағдарлама ата–ана қамқорлығынан айырылған сәбилер үшін өткізілді. Шараға Мәдениет және спорт министрі бастаған ел ағалары қатысып, балалар үйінен келген сәбилердің тұсауын кесті.
Тұсаукесер рәсімінің бұл жерде ұйымдастырылып жатқанына осымен 4 жыл. Яғни, бүгін 7 бірдей балақайдың тұсауын министрдің өзі кесті. Сондай-ақ, салт-дәстүріміз - айтыс өнері, ұлттық ән мен би ұлықталып, театрландырылған қойылымдар көрермен назарына ұсынылды. Бұл шара алдағы жылдары да жалғасын таппақ.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
- 120 баланы арнайы шақырып, оларға сыйлық тарту етпекпіз.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ