Энергетика министрі үшінші жылу электр орталығының құрылысын сынға алды
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Алматыдағы үшінші жылу электр орталығының құрылысын сынға алды. Ведомства басшысының айтуынша, қазір қаладағы экологиялық мәселе өте күрделі. Осыған байланысты электр стансаларын газға көшіру жұмыстары - Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы әрі халық алдындағы маңызды міндет. Бұл мәселеде қателесуге жол жоқ. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кешігіп жатыр. Бас мердігер жұмысты жүйелі ұйымдастыра алмаған, - деді Ерлан Ақкенженов. Құрылыс компанияларының басшыларына ресурстарды шұғыл жұмылдыру тапсырылып, әр мердігердің жеке жауапкершілігі нақты белгіленді. Екінші және үшінші жылу электр орталықтарын газға көшіру жобасының орындалуы енді Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында болады. Жауапты тұлғаларға атқарылған жұмыстар туралы апта сайын есеп беру міндеттелді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы