Басты Жаңалықтар Астанада емханалар сақтандыру қорынан ₸682 млн жымқырған

Астанада емханалар сақтандыру қорынан ₸682 млн жымқырған

Астанада екі жекеменшік емхана нақты көрсетілмеген медициналық қызметтер үшін заңсыз түрде 682 млн теңге алған. Күн сайын жалған түрде тіркелетін пациенттер саны 90-нан 150 адамға дейін жеткен. 2022 жылы Қор мен клиникалар арасында жалпы сомасы 2,4 млрд теңге болатын медициналық қызмет көрсету туралы шарттар жасалған. Жобаны іске асыру басталғаннан кейін клиникалар басшысы алаяқтық схема ұйымдастырып, медициналық көмекті іс жүзінде алмаған пациенттер туралы ақпараттық жүйеге жалған мәлімет енгізген. Атап айтқанда, жалған диагноз бен көрсетілмеген қызмет тіркелген. 2024 жылдың қаңтар айында қылмыстық жолмен келген кірістің бір бөлігі - 364 млн теңге клиникалар басшысы мен оның жұбайының жеке есепшоттарына аударылған.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оның мүлкіне тыйым салынды: Испаниядағы қала сыртындағы үй, Астана қаласындағы пәтер, сондай-ақ автокөлік. Тергеп-тексеру жалғасуда.


Бөлісу