Павлодар облысында өрттен екі бала көз жұмды
Павлодар облысы Ертіс ауданы орталығында үй өртеніп, екі бала көз жұмды. Олардың бірі 8, ал екіншісі 5 жаста. 2010 және 2015 жылы туған тағы екі бала ауруханада жатыр. Бір бала үйден өз күшімен сыртқа шыққан. Мәліметке қарағанда, балалардың әкесі ауруханада болған. Ал анасы таңертеңгілік үйдегі пешті жағып, жұмысқа кетеді. Есікті сыртынан жапқан. Саманмен қалап, қамыспен өрілген 50 шаршы метрлік баспана әп-сәтте отқа оранған. Өрт сөндірушілер хабар түсісімен айналасы үш минутта келіп жеткен.
Берік Омаров, облыстық ТЖД
басқарма бастығының орынбасары:
Қиын жағдайға қарамастан өрт сөндірушілер алғашқы минуттардан бастап зардап шеккендерді іздеуге кірісті. Үш баланы құтқарды. Оларды жедел жәрдем медициналық бригадасына тапсырды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін бір бала өзі құтқарылды.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14