Басты Жаңалықтар ШҚО-да бастауыш сынып оқушылары онлайн оқып жатыр

ШҚО-да бастауыш сынып оқушылары онлайн оқып жатыр

Өткен түнде шығыста -29-31 градусқа дейін аяз болды. Солтүстік және таулы аудандарда термометр көрсеткіші -39-дан 41-ге дейін төмендеді. Сондықтан сақтық үшін кешкі сегізден бүгін таңғы тоғызға дейін барлық бағытта дизельмен жүретін және қоғамдық көліктердің жүруіне шектеу қойылды. Облыстық маңыздағы жолдар да жабылды. Бүгін Риддер мен Өскемен және Алтай, Күршім, Шемонайха аудандарында бастауыш сынып оқушылары сабақты онлайн оқып жатыр.Төтенше жағдайлар департмаенті аяз қайтқанша халыққа алыс жолға шықпау туралы SMS хабарламаны сәт сайын жіберіп жатыр. Көлік жүргізушілері мен жеке үйдегі тұрғындарға өрт қауіпсіздігі мен ыс тиюден ерекше абай болу жөнінде ерекше ескертеді. Ал аймақтағы жылыту және электр орталықтары жүктемені мейілінше арттырды. Қазір барлық стратегиялық нысан қалыпты жұмыс істеп тұр. Облыстық тұрғын үй коммуналдық шарауашылығы басқармасы отын қоры жеткілікті екенін хабарлады.

Бөлісу