Бүгін – Дінмұхамед Қонаевтың туған күні
Бүгін - қазақтың біртуар тұлғасы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Қонаевтың туған күні. Осыған орай Қонаев қаласында аңыз тұлғаның туғанына 114 жыл толуына орай еске алу шарасы ұйымдастырылды. Алдымен ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Жиналған жұрт оның ел дамуына сіңірген ерен еңбегін айтып, мемлекет басқарудағы кемел саясаты мен адами болмысын еске алды. Дінмұхамед Ахметұлының қайраткерлік жолы – елге адал қызмет етудің, парасат пен жауапкершіліктің жарқын үлгісі екені атап өтті. Шара барысында қатысушылар ұлт тарихында өшпес із қалдырған тұлғаның рухына тағзым етті.
Қазыбек Дәуталиев, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы:
Қонаев тұлғасын ұлықтау, оған тиісті дәрежеде назар аударып, мән беру өте маңызды деп ойлаймыз. Өйткені Қонаев заманында индустриаландыру процесі өте қарқынды жүрді. Қазақстанның дамуы жеті есеге дейін өсті. Былайша айтқанда жеті Қазақстан салумен теңбе-тең. Ол кісі тек мемлекет қайраткері емес, ғалым, академик, 100-ден аса еңбек жазды.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05