Жаңаөзенде оқушылар сарайы пайдалануға берілді
Жаңаөзенде заманауи үлгідегі оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Жобаны «ҚазМұнайГаз» компаниясы жүзеге асырды. Бір күнде 1500-ге дейін оқушыны қабылдай алатын ғимаратта балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Бұған дейін ұлттық компания өңірде Гибридті электр станциясының бірінші кезеңін және «Кендірлі» теңіз суын тұщыту зауытын іске қосқан болатын.
«Bolashaq Sarayi» - балалар мен жасөспірімдерге шығармашылық, ғылым және спорт саласында жаңа мүмкіндіктер ашты. Жоба - аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары аясында жүзеге асырылған.
Асхат Хасенов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
Нысанның ең басты мақсаты – елімізге бәсекеге қабілетті, еліміздің атын бүкіл әлемге әйгілі қылатын осындай болашақ біздің балапандарды тәрбиелеу, дәріптеу. Ұлттық компания әлеуметтік тұрғыдан осындай нысандарды жалғастырып, Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосуға жұмыстанады.Ғимаратта робот техникасы, бағдарлама жасақтау, 2D/3D модельдеу кабинеттері жабдықталған. Шет тілдер оқытылып, киім дизайны және қолөнер үйірмелері жұмыс істейді.
Нұрдәулет Қилыбай, Маңғыстау облысының әкімі:
Оқушылар сарайында жаңартылатын энергия көздері, қолданбалы және жаратылыстану ғылымдарына баулитын зертханалар да бар.Бұл ғимарат Жаңаөзен қаласында бір жарым жылда салынып бітті, «ҚазМұнайГаз»-дың қолдауымен. Сыртын да көгалдандырып қойды, яғни, Жаңаөзен халқы, қонақтары келіп серуендеп, демалып кетуіне де үлкен мүмкіндік туып отыр.
Ерасыл Тілепбай, оқушы:
Бұрын бізде мұндай болашақ сарайы болған жоқ. Қазір бізде мүмкіндік көп және де бұдан үлкен, күшті роботтар жасай аламыз.Орталық жоғары технологиялық құралдармен, компьютерлік техникалармен жарақтандырылған. Ал аумағында амфитеатр, субұрқақ, футбол алаңы бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы