Мобильді аударымдарға бақылау күшейді
Мобильді аударымдарға қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Енді банк картасына үш ай қатарынан 100-ден аса адам ақша аударса және жалпы сомасы бір миллион жиырма мың теңгеден асса, бұл операциялар кәсіпкерлік табыс ретінде қарастырылады. Қаржы министрінің бұйрығымен мобильді аударымдарды бақылаудың өлшемшарты өзгерді. Мұндай күмәнді аударымдар анықталса, банк қызметкері мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына береді. Салық комитеті, камералық бақылау жүргізу кезінде бизнес белгілерін анықтаса, азаматқа ескерту хабарлама жібереді. Егер келіссе 30 жұмыс күні ішінде салық есептерін тапсырып, табыс салығын төлеуі керек. Ал келіспеген жағдайда тиісті органға себептерін растайтын құжаттар мен түсінік хатын тапсыруы тиіс. Жаңа ережелер шағын кәсіпкерге де, қарапайым азаматтарға да бірдей қолданылады. Бұл норманың қайырымдылық қорларына, отбасының той-томалақ немесе садақа кезінде түскен қаржысына қатысы жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы