ШҚО-да ерекше балаларға арналған оңалту орталығы ашылды
Шығыстағы Бозанбай ауылында ерекше балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Әлеуметтік нысан ауылдық жерлерде инклюзивті инфрақұрылымды дамыту бағытындағы «BAQUATTY AIMAQ» бастамасымен жүзеге асты. Орталық Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тікелей қолдауымен қайырымдылық қоры қаржы бөлді.Орталықта бес күн қатарынан 50 балаға стационарлық негізде сауықтыру шаралары жасалады. Ерекше балаларға 70 маман тұрақты көмек көрсетеді.Емдік дене шынықтыру залы, тұзды және шунгит бөлмесі бар. Тігін және жүн өңдеу шеберханалары, робот кабинеті, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау және сенсорлық интеграция бөлмелері соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған.
Нұрымбет Сақтағанов, облыс әкімі:
Қалада болсын, ауылда болсын. Барлығына бірдей жағдай жасау керек.Ауылдағы балаларды ата-анасы қалаға күнделікті апара бере алмайды.Ол жақта пәтер жалдап тұра алмайды. Сондықтан осындай өңірлік жерлерде ашуды ойластырып,жұмыс жасап жатырмыз.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14