«Ақтау теңіз порты» АЭА-да 15 жаңа инвестициялық жоба басталды
Маңғыстауда «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында жаңадан 15 инвестициялық жобаның құрылысы басталды.
Олардың қатарында Каспий теңізінде ашық теңіз жағдайында балық өсіретін ферма, Ақтау контейнерлік хабы, «Саржа» астық терминалы, Жаңаөзен қаласында компрессорлық құбырлар өндіретін зауыт бар. Жобаларды жүзеге асыруға - 121 млрд-қа жуық қаражат жұмсалуда. Нәтижесінде 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Сонымен қатар, арнайы экономикалық аймақтың аумағы 3 есе кеңейтілген. Оның құрамына Ақтау халықаралық әужайы, Саржа логистикалық хабы, Кендірлі туристік аймағы енді.
Гүлмира Әбішева, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының атқарушы директоры:
Бұл қабылданған шаралар Каспий жағалауындағы теңіз инфрақұрылымын дамытуға сонымен қатар, порт операцияларының тиімділігін арттыруға және де логистиканы күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл әрине өз кезегінде жаңа өндіріс орындарының ашылуына сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарының көбеюіне мүмкіндік береді.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14