Режиссер Талғат Теменовтің фотокітабы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Режиссер Талғат Теменовтің фотокітабы таныстырылды

07.03.2019

Қазақтың біртуар режиссері Талғат Теменов өзінің өмір жолын фотоальбом етіп шығарды. Туындыны «Талғат Теменов» деп атапты.

Кітапта жүздеген сурет орналасқан. «Балдәурен - балалық күндер», «Жайнаған жастық шақ», «Театр - менің өмірім», «Киноғұмыр», «Отбасым - алтын бұлағым», «Кең дүние есік аш, мен келемін...» деген алты бөлімнен тұрады. Яғни, кітаптан кинорежиссердің балалық шағынан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі өмір жолын көре аласыз. Өнер майталманының театр мен кинодағы туындыларынан түсірілген сәтті кадрлері, тосыннан алынған суреттер де бар. Мәселен, «Адамдар арасындағы бөлтірік», «Қызғыш құс», «Махаббат бекеті», «Көшпенділер» фильмдерін таспалау кезіндегі ерекше, әрі қызықты суреттерін көруге болады. Теменов театр және кино өнеріндегі күрделі ізденістерін ескіден қазіргі жаңа кезеңдерге сай жалғастырып келеді. Жаңа фотоальбом соның дәлелі.

Талғат Теменов, режиссер:

- Бұл - жылнама, тарих. Суреттер сөйлейді.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу