«Астана Опера» балет театрында «Евгений Онегин» спектаклі қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» балет театрында «Евгений Онегин» спектаклі қойылды

19.09.2019

Қоюшы режиссер итальялық Давиде Ливермор, қоюшы дирижер –Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алан Бөрібаев. Ал, басты рөлдерді яғни, Евгений Онегинді – Талғат Мұсабаев, Татьянаны Айгүл Ниязова сомдады. Бұл туындыда композитор Чайковский пушкиндік Татьянаның асқақ сезімі мен жан-дүниесінің әсемдігін жырлаған. Режиссер «Евгений Онегин» операсын көптеген ұрпақ үшін сезімдерді тәрбиелеудің маңызды бөлігі болады деп санайды. Айта кетейік, аталмыш опера екі ғасыр бойы әлемнің музыкалық театрларының сахнасынан түспей келеді. 

Бүгін де «Евгений Онегин» іс жүзінде барлық театрлар мен атақты әншілердің репертуарына енген.

Дина Хамзина, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

Бұл өзі орыстың дәстүрлерін сақтаған ерекше технологиялы, ерешке декорациясы жағынан ерекшеленеді. Көрерменнің зор ілтипатына бөленген опера. 

Әрине біздің әртістеріміз де өте жоғары деңгейде орындады. 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу