«Таңшолпанда» - «Серпер» жастар сыйлығының иегері Сая Тоқманғалиева және жас актер Айбар Өмірбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - «Серпер» жастар сыйлығының иегері Сая Тоқманғалиева және жас актер Айбар Өмірбек

24.03.2016
«Таңшолпанда» - «Серпер» жастар сыйлығының иегері Сая Тоқманғалиева және жас актер Айбар Өмірбек

24-25 наурызда Қ. Қуанышбаев  атындағы  Мемлекеттік  академиялық қазақ музыкалық драма театрында  режиссер Талғат Теменовтің «Аққудың көз жасы» драмасының премьерасы өтпек.

Актриса Сая Тоқманғалиева аталмыш драмада Жәмилә есімді жас келіншектің рөлін сомдайды. «Әр актер үшін сомдайтын рөлі ыстық, оны бір-бірінен бөліп  жарып қарауға болмайды» - дейді актриса.

Сая Тоқманғалиеваның арманындағы рөлі қазақтың батыр қыздарын сомдау.

Ал, жас актер Айбар Өмірбек «Аққудың көз жасы» қойылымында Сейіт есімді мылқау баланың рөлін сомдамақ. Бұл жас актердің сомдайтын 4-ші рөлі.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу