Басты Жаңалықтар Фельдшер Ұ.Мырзуанға ескерткіш тақта орнатылды

Фельдшер Ұ.Мырзуанға ескерткіш тақта орнатылды

Астанада қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанға ескерткіш тақта орнатылды. Ол 4 жыл бойы жұмыс істеген қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы ғимаратының қабырғасына ілінді. Естелік тақтаның ашылу рәсіміне қатысқан министр Ақмарал Әлназарова кәсіби адалдығымен көзге түскен және шұғыл жағдайларда өз бетінше шешім қабылдай алатын білікті маманның есімі отандық медицина тарихында мәңгі сақталатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, 8 қарашада елордадағы көп қабатты үйлердің бірінің қасбеті құлап, бірнеше адам зардап шеккен. Тұрғындар шақыртқан жедел жәрдем құрамында фельдшер Ұлдана да болған еді. Ауыр жараланған жас маман он күннен кейін ауруханада көз жұмды. Кейін Президент қайтыс болған фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.



Бөлісу