2 млн 524 мың адам зейнетақы алды
Айжан Иманғали, тілші:
Жыл сайын республикалық бюджеттен 40-тан астам әлеуметтік төлем беріледі. Мәселен, биыл зейнет жасындағы қазақстандықтарға 3 трлн 868 млрд теңге көлемінде зейнетақы төленді. Ресми дерекке сай, зейнеткерлер саны - 2 млн 524 мың. Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері - 142 669 теңге.
54 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек берілді
Ал 290 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Яғни 54 мың отбасыға 30,3 млрд теңге көмек тағайындалды. Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 98,4 млрд теңге қарастырылған. Әлеуметтанушылар кей жағдайда мемлекеттен берілетін көмек масылдықты көбейтеді дейді.
Рамазан Саттарұлы, әлеуметтанушы:
Аудит жасап отыру керек, мысалы, соңғы 4-5 жылда жалғызбасты аналарға көмек көрсетіліп жатыр делік, енді соның қаншалықты қазір өзектілігі бар? Оның жағдайы өзгерді ме? Өзгерсе, ол адам бұл көмекке мұқтаж ба, жоқ па деген сұраққа жауап беріп отыруымыз керек. Мысалы, 10-15 жылға тағайындалып тасталған көмек болмауы керек.
543,1 мың адам мүгедектігі бойынша әлеуметтік төлем алды
Ал мүгедектігі және асыраушысынан айырылғандарға 681 млрд теңгегеден астам жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер төленді. Мүгедектігі бойынша алушылар саны 543 мыңнан асады, ал асыраушысынан айырылғандар 187 мың азамат.
Көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға 555 млрд теңге жәрдемақы төленді
Көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар 555 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды. Нақтырақ айтсақ, 604 мың көпбалалы отбасы, 243 мың алтын мен күміс алқа иелері жәрдемақымен қамтылды. Бұл ретте халық пікірін тыңдап көрейік.
312 мың жас ана жәрдемақы алды
Бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері бірінші, екінші, үшінші балаға шамамен 149 мың теңге, төртінші және одан кейінгі балаларға 247 мың теңге. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 56 млрд теңгеге 312 мың адам қамтылды. Ал 331 мыңнан астам азамат жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балалар спортына бөлінетін қаржы көлемі көбейеді
02.03.2026, 20:58
Роботтар неміс делегациясына шоу көрсетті
02.03.2026, 20:57
«Таза Қазақстан» экоакциясы жалғасып жатыр
02.03.2026, 20:38
Жаңа Конституция жобасы – әділетті қоғамның кепілі
02.03.2026, 20:18
Президент жаңа Конституция жобасының мәтінімен жеке өзі жұмыс істеген
02.03.2026, 20:16
Жаңа Конституция жобасы - халықтық құжат
02.03.2026, 20:13
Маңғыстау облысында ауызсу мәселесі толық шешілді
02.03.2026, 20:11
Жаңа Конституция жастардың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді
02.03.2026, 20:10