«Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан» тасжолы жөнделіп жатыр
Маңғыстауда «Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шекарасы» тасжолын жөндеу жұмыстары басталды. Ұзындығы 164 шақырымдық автожолдың бір бөлігіне күрделі, екінші бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба - Мемлекет басшысының тапсырмасымен Кендірлі курорттық аймағын дамытып, транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.
Аягөз Оралбайқызы тілші:
Біз қазір Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шекарасы тасжолының 70 шақырымындамыз. Мұнда ескі жол сүріліп, орнына ірі түйіршікті асфальт жабындысын төсеуде. Жұмыс қарқынды 35-тей арнайы техникамен 40 шақты адам жұмылдырылған.
Жоба бойынша тасжолдың 114 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде соның шамамен 30 шақырымына ірі түйіршікті асфальт төселді. Ал автожолдың қалған бөлігінде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оған Маңғыстауда өндірілген жол құрылыс материалдары қолданылуда.
Бақтыбек Матаев, Мердігер мекеменің өкілі:
Республикалық бюджеттің қаражатына салынып жатыр. Бұл Жаңаөзен елді мекенімен Кендірліде аэропорт салынып жатыр. Сол аэропортқа жол, Кендірліден Түрікменстанның шекарасына дейін жол. Жалпы, екі мемлекеттің арасындағы жолды жөндеп жатырмыз. Жоба бойынша бізде 27 жыл. Бірақ келесі жылы аяқтаймыз деп үміттеніп отырмыз.
Аталған жолдың жақсаруымен аймақта транзиттік жүк айналымы күрт артады деп күтілуде. Бұған дейін көршілес түркімен елінен келетін жүк көліктері Қазақстанның теңіз порттарына Ақтау арқылы баратын. Енді Жетібай ауылымен тіке қатынайтын болады.
Қазбек Ермекұлы, «Қазавтожол» ҰК облыстық филиалының директоры:
Ол жол осы Маңғыстау облысына үлкен септігін тигізеді. Өйткені бұл Транскаспий жолындағы маршруттағы соған қосылатын жолдың біреуі. Өйткені Түріменстаннан тасымал және көлік өтуіне өте үлкен ықпалын тигізеді. Осы жол салынса, бізде түгелдей 100 пайыз, республикалық жолдар түгелімен асфальтталады.
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы күре жол тәуелсіздік алғалы алғаш рет жөнделіп жатыр. Халықаралық көлік дәлізін келесі жылы іске қосу жоспарланған.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кекілбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
17.04.2026, 11:49
Астаналық тұрғын медицинадағы қағазбастылықты азайтудың тың жолын ұсынды
17.04.2026, 11:41
Қазақстан халықты жұмыспен қамту деңгейі бойынша топ-30 елдің қатарына енді
17.04.2026, 11:39
ПД: Интернет алаяқтық 1,5 пайызға төмендеді
17.04.2026, 11:36
Жетісу облысында тұрғындарды көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
17.04.2026, 11:34
Австралияның ең ірі мұнай зауытында өрт тұтанды
17.04.2026, 11:33
Израиль мен Ливан атысты 10 күнге тоқтатты
17.04.2026, 11:31
Петропавл қаласында жағымсыз иіс тарап, ауа сапасы күрт нашарлады
17.04.2026, 11:29