Қазақстандық офтальмолог «Ғылыми Оскарды» иеленді
Қазақстандық дәрігер-офтальмолог Мұхит Құлмағамбетов Гонконгта өткен халықаралық байқауда «Ғылыми Оскар» сыйлығын жеңіп алды. Оның көз ауруларын ерте сатыдан анықтауға мүмкіндік беретін стартабы үздік деп танылып, екі бірдей наградаға ие болды. Қазылар алқасы бұл технологиялық шешімді жоғары бағалап, оның медицина үшін практикалық маңыздылығын атап өтті. Жерлесіміз қазір Гонконг қаласында тұрады. Офтальмолог әлемді мойындатқан өзінің иновациялық құрылғысын дәл осы зертханада 3 жылда құрастырған. Диагностикалау жарық және толқындық технологияларды қолдану арқылы жүргізіледі. Отандасымыз кәсіби ортада кванттық офтальмологияның өкілі ретінде танымал. Айта кетейік, бұл – Гонконг пен Азиядағы ең беделді технологиялық марапаттардың бірі. Отандасымыз келешекте осындай озық технологияларды Қазақстанға әкелуді армандайды.
Ол өнімнің тек қана тиімділігін ғана емес, қауіпсіздігін дәлелдейтін экспертизадан өту керек. Оны алғаннан кейін ғана нарыққа шыға аламыз. Оны отанымызда пайдалану деген сұрақты көтеріп жатырмын. Елдің алдына алып келіп, өзімнің қазақ халқымның алдында пайдаланғым келеді деп айтып отырамын. Ол өзімнің жалпы жеке мақсатым.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы