Елімізде 330 мың жұмыссыз азаматқа әлеуметтік көмек берілді
Биыл 1 желтоқсанға дейін елімізде 331 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік көмек алды. Оның ішінде 289 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған. Жалпы қаражат көлемі 118 жарым миллиард теңге. Еңбекпен қамтылмаған азаматтарға бұрынғы жалақысының 45 пайызына дейін жәрдемпұл беріледі. Көмек 1 айдан 6 айға дейін көрсетіледі. Оны алу үшін eGov.kz немесе enbek.kz сайтында жұмыс іздеуші ретінде тіркелу қажет. Егер 3 күн ішінде екі қолға бір күрек табылмаса, жұмыссыз мәртебесі беріледі. Кейін телефонға SMS хабарлама келеді. Келісім берілген жағдайда төлем автоматты түрде тағайындалады.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14