Жамбыл облысын ауызсумен қамтуға ₸15,4 млрд бөлінді
Президент тапсырмасы бойынша қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысындағы елді мекендерді ауызсумен қамтуға 15,4 млрд теңге бөлінді. Аймақта сумен қамту үшін 12 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Арнаулы мемлекеттік қор қаржысына 4 нысан салынды. Өзге 8 нысандағы құрылыс жыл соңында аяқталмақ. Жамбыл ауданындағы Қызылшарық, Жаңаөткел және Жұма ауылдарына сапалы ауызсу жеткізілді. Сондай-ақ Талас ауданы Қараой ауылында да су станциясы салынды. Енді шалғайдағы Шығанақ, Мыңарал және Құмөзек стансаларында, сондай-ақ Мойынқұм, Биназар және Бірлік ауылдарында су желілері жөнделіп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс Сарысу ауданындағы Жайылма мен Маятаста және Қордай ауданы Қарасай батыр ауылында аяқталуға жақын.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09