Басты Жаңалықтар Мал дәрігерлерінің айлығы өсетін болды

Мал дәрігерлерінің айлығы өсетін болды

Ветеринарлардың жалақысы өседі. Енді мал дәрігерлерінің айлық табысы 400 мың теңгеден асады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Үкімет сағатында айтты. Себебі қазір салада кадр тапшылығы сезіліп жатыр. Кей өңірлерде бір дәрігер 2 мыңнан астам малға қызмет көрсетуге мәжбүр. Бұл жағдайда сапалы диагностика мен профилактика туралы айтудың өзі қиын. Ғалымдардың дерегінше, жаңа инфекциялардың 70%-ы жануарлардан тарайды. Сондықтан бұл тек аграрлық саланы емес, адам денсаулығын, өңірлік тұрақтылықты және шекаралық қауіпсіздікті қорғау. Сол үшін салаға білікті ветеринарлар қажет, - дейді жауаптылар.

Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
Биыл ветеринарияға қатысты заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуіміз керек. Жалпы Республикалық бюджеттен 22 млрд теңгеге қолдау алдық. Сондықтан 1 қаңтар 2027 жылдан бастап төлем болады деп жоспарлап отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, үй сатып алуға ветеринария мамандарына қазір жеңілдетілген ауылдық жерде 0,1 процентпенен 15 жылға дейін кредит береді. Үй сатып алуға қазір мүмкіндік бар.

Бүгінде ел аумағында шамамен 9 млн бас ірі қара мал, 24 млн-ға жуық ұсақ мал, 4,7 млн жылқы, 302 мың түйе бар. Жалпы отандық мал шаруашылығы өнімін Еуропа одағы елдеріне, Ұлыбритания, Ирак, Иран, АҚШ, Канада және басқа да бағыттарды қоса алғанда, 42 елге экспорттауға болады.


Бөлісу