Басты Жаңалықтар Астанада С.Сәдуақасұлы ескерткіші ашылды

Астанада С.Сәдуақасұлы ескерткіші ашылды

Елордадағы мектептердің бірінде тарихи тұлға, қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасұлына арналған ескерткіш ашылды. Тұлғаның шамамен 25 жасындағы бейнесіне келтірілген мүсін қолаға ұқсас материалдан жасалған. Оның есімін ұлықтауға еліміздің академиктері мен ғалымдары, смағұлтанушылар мен қоғам белсенділері қатысты. Ескерткіштің ашылуынан кейін, «Смағұл Сәдуақасұлы және Заманауи білім беру құндылықтары» тақырыбында конференция өтті.  Тарихи тұлға - Алаш қайраткерлерінің ізін жалғап, өз заманында ұлт тағдырына қатысты өлшеусіз үлес қосқан.  Жиналғандар Смағұл Сәдуақасұлының қазақ білімінің дамуына қосқан үлесін жоғары бағалап, оның ұлттық рухты сіңіру, тарихи сананы қалыптастыру және бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу туралы идеяларының бүгінгі күні де маңызды екенін атап өтті.

Қайыртай Әмірғазин, педагогика ғылымдарының докторы, профессор:
Бүгінгі ұрпақ соны біз қостаушымыз, сол секілді Смағұл Сәдуақасов 30-ақ жастың ішінде, Шоқан да 30 жастың ішінде, Сұлтанмахмұт Торайғыров 30 жастың ішінде елі үшін жері үшін, біреуі өлең жазды, біреуі қоғам қайраткері болды, қаны үшін жаны үшін өзін құрбан еткен азаматтар.
Талғат Анарбеков, мүсін авторы:
Жарты жылдай суреттерін қарап, соның образына, қай жаста, қай кезде, бірнеше фотолары болды, соның соңғы бір фотосын ұстап, сол Смағұловты 24-ші жылы жасап шықтым. Біраз бюсттерді қарадым, Қазақстанға қойылған бюсттерді көріп, солардан отход жасап, өзінің образына келуге тырыстым.


Бөлісу