Басты Жаңалықтар Стамбұл — әлемдегі көлік кептелісі ең көп қала

Стамбұл — әлемдегі көлік кептелісі ең көп қала

Ыстанбұл әлемдегі көлік кептелісі ең көп қала екені анықталды. Мәліметтерді өңдеумен айналысатын америкалық компания әлемдегі 900 қаланы зерттеген. Нәтижесінде, Ыстанбұл жүргізушілері жылына 118 сағат кептелісте тұратыны анықталған. Одан кейінгі орында жүргізушілері бір жылда 100 сағат жолда тұратын Чикаго мен Мехико қалалары тұр. Сарапшылар Ыстанбұлдың екі жыл қатарынан әлемдегі кептелісі ең көп қала атануының бірнеше себебін айтады. Олардың қатарында қала халқының жылдам өсуі, инфрақұрылымның баяу дамуы және қаланың екі теңіз ортасында орналасуы сияқты белгілер бар. Тағы бір үлкен себеп – жүргізушілердің жолдағы келеңсіз әрекеттері, дейді тұрғындар.

Мерт Демиржи, такси жүргізушісі:
Біздің жүргізушілердің көбінде жолда жүру мәдениеті жоқ. Кез келген жерге тоқтайды. Көлікті қалай болса солай қоя салады. Содан кейін кептеліс болады. Әр адам жол ережесін бұзбай, өзгелерге құрмет көрсетсе, кептеліс те азаяр еді деп ойлаймын.


Бөлісу