Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Украина Вашингтонға жаңартылған бейбіт жоспар жіберді. Әзірге құжаттың мазмұны құпия. Киев даулы сұрақтарды шешудің жаңа идеяларын ұсынған. Өзгертілген жоспарды бүгін АҚШ пен Украинаның жоғары шенді әскерилері виртуалдық отырыста талқылайды. 

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі «Алтын карта» бағдарламасын іске қосты. Өтініш қабылдайтындарын жариялады. Құны 1 миллион долларлық виза иммигранттардың Америка азаматтығын алуына тікелей жол ашады.

Грекия фермерлері шеруге шығып, Афины мен Салонники қалалары арасындағы жолдарды бөгеді. Наразылық акциясына Еуропа одағынан 600 млн еуро көмек пен өзге де төлемдердің кешігуі себеп.

Германияда ірі көлемде мұнай төгілді. Бранденбургте құбыр тесіліп, 200 мың литр шикі мұнай төгіліп, 25 метр биіктікке шашыраған. Оқиғадан егістік алқабы бүлінді. Экологиялық шығын мөлшері есептеліп жатыр.


Бөлісу