Басты Жаңалықтар ШҚО-да электр желісінің 80 пайызы тозып тұр

ШҚО-да электр желісінің 80 пайызы тозып тұр

Шығыс Қазақстан облысындағы электр желілерінің 80 пайызы ескі. Салдарынан тек биыл  өңірде 380 рет жарық өшкен. Кейбір алыс ауылдардағы трансформаторлардың қойылғанына 40-50 жыл болған. Бағандар да ескі. Сондықтан энергетиктер жалпы саланы түбегейлі реформалау керек дейді. 

Өскемендегі шеткі шағын ауданның бірінде орталық электр желісі үзіліп, жеке үйлердің бірінде пештен ақау шықты. Үш балалы жас отбасында ешкім зардап шекпеген. Ал оқыс оқиға болған үйге қала әкімі барып жағдаймен танысып, уақытша тұруға баспана берді.

Жаңадан бой көтерген шағын аудандардың энергия жүйесі енді реттеліп жатыр. Өйткені бұрын инфрақұрлым болмаса да халыққа жер телімдері үлестірлді. Қазір сәл жел соқса жарық жалп етіп өшеді.

Бірілес Үркімбайұлы, қала тұрғыны:

Қатты жауын болса өшіп қалады. Қазір де жырғап тұрған жоқ. Алдымызда жылтырап әрең тұр.

Әрең тұрған электр желілері кезең-кезеңмен жөнделеді. Электр желілері қалада ғана емес даладағы да тозып тұр. Ал өңірде жалпы қанша шақырым электр желісі бар екені белгісіз. Олардың көбі жергілікті әкімдіктердің меншігінде. Сондықтан энрегия тарататын компаниялар тек қосымша қызмет қана көрсетеді. Инвестиция салып, жаңалауға құлықсыз.

Нұрлан Рамазанов, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

Сондықтан Өскемен қаласының әкімшілгі және облыс әкімшілігі биыл шамамен 160 миллион ақша бөліп отыр. Келесі жылы да қаражат қарастырылған. «Бэсть» компаниясымен жасаған үш жылдық жоспар бар. Жоспар төңірегінде толығымен осы электр желілерін қайта жаңғыртып, толығымен іске асырылып жатыр.

Өңірде қазір білікті маман да жетіспейді. Облыстағы техникалық оқу орындарын жыл сайын 200-250 жас энергетик бітіріп диплом алғанымен көбісі өз мамандығына сай жұмыс істемейді. 

Айжан Байділдина, энергетика саласының сарапшысы:

50 пайызы жұмыс істейтін шығар. Қалғандары басқа салаға кетіп қалады. Өздерінің әртүрлі себептері болады. Соған байланысты бізге көбірек дайындау керек.

Электр желілерін жаңалап, білікті мамандарды жұмысқа тарту осы саладағы ең өзекті  мәселе болып тұр. Ал шығыстағы 7 су электр стансасы мен 3 жылу  орталығы  2025 жылы 6 миллиард 300 миллион мегават сағат энергия өндірген. Қазір облыста электр тапшылығ жоқ. Тек желіні жаңғырту қажет.

Бөлісу