Зейнетақы жинағының ең төменгі шегі өседі
2026 жылы зейнетақы жинағының ең төменгі шегі 10%-ға көбейеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры инфляцияның қазіргі және болуы мүмкін мәндерін есептеп, жаңа кесте құрды. Оған сәйкес енді 20 жастағы азаматтың жинағында 3 млн 750 мың теңгеден артық ақша болса ғана, бір бөлігін пайдалана алады. Бұрын бұл сомма 3 млн 260 мың теңге еді. 30 жастағы азаматтардың шекті соммасы 4 млн 580 мың теңгеден 5 млн 120 мыңға дейін өсті. 40 жастағылар 6 млн 720 мыңнан, ал 50 жастағылар 8 млн 570 мың теңгеден асқан ақшасын ғана белгілі мақсатта жұмсай алады. 60 жастан асқандар үшін жинағында кемі 10 млн 700 мың теңге болуы тиіс.
Мұрат Шәріпов, «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры:
Жеткіліктілік шегін есептеген кезде инфляциядан өзге бірқатар әлеуметтік көрсеткіштер негізге алынды. Ол ең төменгі жалақы мөлшері, ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері және зейнетақының ең төменгі мөлшері. Ең төменгі жеткіліктілік шегі дегеніміз ай сайынғы зейнетақыны ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес көлемде қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының шекті соммасы.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елде 150 ағза трансплантациясы жасалған
23.07.2026, 17:15
Балаларға қауіп төндірген 3500 сайт бұғатталған
23.07.2026, 17:14
Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтердің 76 пайызы электронды форматта көрсетілген
23.07.2026, 17:13
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 17:10
Жетісу облысында мердігерлер мемлекет қазынасына 1,6 млрд теңге қайтарды
23.07.2026, 17:08
Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз қазған шетел азаматтары ұсталды
23.07.2026, 17:07
Елімізде 3 жылда 40 мың тұрғын жаңа баспанаға көшіріледі
23.07.2026, 17:04
Азаматтық жауапкершілік – ел болашағын айқындайды
23.07.2026, 17:02