Павлодар облысының ауыл халқына бизнес санатындағы баспана берілді
Павлодар облысының ауылдық елді мекендерінде алғашқы бизнес санаттағы тұрғын үйлер пайдалануға берілді.
36 пәтерлік үш қабатты бұл үш үйді жергілікті кәсіпкер өз қаражатына салған. Аудан әкімшілігі құрылысқа қолайлы жерді беріп, кейін аз қамтылған және көп жылдар бойы кезекте тұрған отбасыларға республика бойынша белгіленген бағаға сатып алған. Бүнда қаладағыдай жайлы 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлер бар.
Айжамал Төлепбергенова, Шарбақты ауданының тұрғыны:
Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше қуанышты күн. Жолдасым екеуіміз төрт бала тәрбиелеп отырмыз. Екі жұмыс істесек те, баспана алуға қаражат жинай алмадық. Сондықтан мемлекетімізге үлкен алғыс айтамыз.
Үйдің іші ғана емес, сыртқы ауласы да жайлы. Балалар ойнауға арналған алаң, асфальт жол, ағаштар отырғызылып жазғы саябаққа дейін жасалған. Ең бастысы пәтер кезегінде тұрғандар саны екі есеге қысқарды. Жаңа үйлерге баспана кезегінде тұрған мүмкіндігі шектеулі жандар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ көпбалалы отбасылар қоныстанды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы