Балықтың бағасы 10 пайызға арзандауы мүмкін
Келер жылы елімізде балықтың бағасы шамамен 10 пайызға арзандайды. Бұл туралы балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов айтты. Оған себеп балық етінің әлеуметтік маңызы бар тауар түрлеріне енуі. Сауда министрлігі жариялаған жаңартылған тізімде балықтың 6 түрі күнделікті тұтыну қажет деген тізімге енген. Сондықтан оларды өсіруге мемлекет тарапынан қолдау көбейеді. Бұл бағаның біршама түсуіне септігін тигізеді деп отыр мамандар.
Серік Сермағамбетов, ҚР АШМ балық
шаруашылығы комитетінің төрағасы:
Негізінен біз тұқы балықтарының түрлерін өсірудеміз. Кеңмаңдай мысалы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың ішінде. Соған байланысты былтыр біз 20 мың тоннаға жеткізсек биыл 30 мың тоннаға дейін жеткіземіз деп отырмыз өсірілген балықты және ауланған балықтың түрлерімен қосқан кезде оның бағасы нарықта түседі, қолжетімді болады деп есептейміз.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14