Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өседі
2026 жылы зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 10% көбейді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры инфляцияның қазіргі және болуы мүмкін мәндерін есептеп, жаңа кесте құрды. Оған сәйкес енді 20 жастағы азаматтың жинағында 3 млн 750 мың теңгеден артық ақша болса ғана, бір бөлігін пайдалана алады. Бұрын бұл сомма 3 млн 260 мың теңге еді. 30 жастағы азаматтардың шекті соммасы 4 млн 580 мың теңгеден 5 млн 120 мыңға дейін өсті. 40 жастағылар 6 млн 720 мыңнан, ал 50 жастағылар 8 млн 570 мың теңгеден асқан ақшасын ғана белгілі мақсатта жұмсай алады. 60 жастан асқандар үшін жинағында кемі 10 млн 700 мың теңге болуы тиіс.
Мұрат Шәріпов, «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры:
Жеткіліктілік шегін есептеген кезде инфляциядан өзге бірқатар әлеуметтік көрсеткіштер негізге алынды. Ол ең төменгі жалақы мөлшері, ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері және зейнетақының ең төменгі мөлшері. Ең төменгі жеткіліктілік шегі дегеніміз ай сайынғы зейнетақыны ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес көлемде қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының шекті соммасы.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14