Басты Жаңалықтар Президент «Qarmet» компаниясының басшысын қабылдады

Президент «Qarmet» компаниясының басшысын қабылдады

«Qarmet» компаниясы болаттың жоғары сапалы жаңа маркаларын, соның ішінде атом электр станциясының құрылысына арналған өнім шығаруды қолға алды. Бұл туралы Президент қабылдауында болған  директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев баяндады. Оның сөзінше екі жылда болат өндірісі 22 пайызға, темір кені 32 пайызға артты. Шығарылатын маркалардың түрі 260-тан 350-ге дейін көбейген. 9 ірі инвестициялық жобадан тұратын кешенді бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастама елдегі болат өндірісін жүйелеп, металл прокатының импортын төмендетуді көздейді. Qarmet компаниясына қарасты медициналық және білім беру ұйымдары жаңғыртылып жатыр. Кәсіподақтармен жаңа ұжымдық келісімшарт жасалды. Құжат 35 мың жұмысшығы әлеуметтік кепілдік бермек. Qarmet жанынан ірі металлургиялық кластер құрылып жатқаны туралы да айтылды. Бұл шағын және орта кәсіпорындардың шикізатты терең өңдеумен айналысуына мүмкіндік береді. Кездесу соңында Президент металлургия кешенінде атқарылған жұмысқа оң бағасын беріп, даму жоспарына қолдау білдірді. Сонымен қатар кәсіпорынды жан-жақты жаңғырту, әлеуметтік мәселелерді шешу, экологиялық жағдайды жақсарту сынды мәселелерге тоқталды.


Бөлісу