Басты Жаңалықтар Электрлі самокат тізгіндегендер үшін айыппұлдардың көлемі белгілі болды

Электрлі самокат тізгіндегендер үшін айыппұлдардың көлемі белгілі болды

Мәжіліс электросамокат мінгендерге қатысты жаңа заңды мақұлдады. Енді олар жол ережесін бұзса, көлік жүргізушілерімен бірдей жауап береді. Жаңа талапқа сәйкес, ереже сақтамағаны үшін 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бір жыл ішінде қайталанса — айыппұл 5 есеге артады.

Ал адам жарақат алған жол апатына себепкер болса — 10 АЕК, ал оны қайта жасаса — 2 есе жоғары айыппұл қарастырылған. Сонымен қатар 12 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылуы немесе 3 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.

Кикшеринг компаниялары да жауапкершіліктен тыс қалмайды. Егер самокатты басқаруға құқығы жоқ адамға жалға берсе — 25 АЕК, ал ондай адам жол-көлік оқиғасына түссе — компания 40 АЕК төлейді.

Айта кетейік, 2026 жылы бір айлық есептік көрсеткіш 4325 теңге болып белгіленген.




Бөлісу