Басты Жаңалықтар ШҚО-да биыл жол апатынан 180 адам көз жұмған

ШҚО-да биыл жол апатынан 180 адам көз жұмған

Шығыс Қазақстан облысында биыл 11 айда 1093 жол оқиғасы болып, 180 адам көз жұмған. Сондықтан облыстық прокуратура жолда болған оқиғаларға арнайы статистикалық сараптама жүргізген. Оның қорытындысы көңіл көншітпейді. 2023 жылы 443, ал былтыр 847 рет көлік апаты тіркеліп, жүздеген жолаушы жарақат алған. Тасжолдағы апаттың 87 пайызы жеңіл көлік жүргізушілерінің ережені өрескел бұзғанынан болған. Қарсы бағытқа шығу, жылдамдықты асыру және тізгінде отырып ұялы телефонды пайдалану сияқты қауіпсіздікті сақтамудың салдары қайғылы жағдайға әкеп соқтыруда.

Рауан Сайранбекұлы, облыстық прокуратураның аға прокуроры:

17 апат мас күйде жасалған. Оларда 21 адам қайтыс болды, оның ішінде бір бала бар. Осы фактілер бойынша кінәлі 59 адам сотталды. Соған қарамастан биыл 1160 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылды. Олардың 75-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды.


Бөлісу