Басты Жаңалықтар Стамбұлда қоғамды дүр сілкіндірген ұрлық жасалды

Стамбұлда қоғамды дүр сілкіндірген ұрлық жасалды

Ыстанбұлда қоғамды дүр сілкіндірген ұрлық жасалды. Сот ғимаратындағы айғақ заттар сақталатын қоймадан тазалықшы жалпы құны шамамен 3,5 млн доллар болатын 25 келі алтын мен 50 келі күміс бұйымдарды ұрлап, шетелге қашып кеткен. Ұрлықтың болғанын қауіпсіздік қызметі тек екі апта өткен соң білген. Алтындар жоғалатын күні сот ғимаратында тазалықшы болып жұмыс істейтін Ердал есімді азамат денсаулығына байланысты жұмысқа шыға алмайтынын айтқан. Содан кейін таңғы жетілер шамасында жұмысқа келіп, қоймадағы алтын-күмісті қоқыс дорбаларына салып, арбамен алып шыққан. Күдіктінің бірнеше күннен кейін әйелі мен балаларын алып Англияға ұшып кеткені анықталды. Арнайы сейфте тұруы тиіс қымбат бұйымдарды талапқа сай сақтамағаны үшін бірнеше қызметкер қамауға алынды. Сондай-ақ күдіктіге көмектесті деген айыппен қайын атасы мен енесі және балдызы да қамалды. Бүгінге дейін полиция осы іске қатысты бар деген күдікпен 10 адамды ұстаған. Ал шетелге қашып кеткен күдіктіге іздеу жарияланды.

Бөлісу