ШҚО орманшылары бақылауды күшейтті
Орманшылар күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Бірінші желтоқсаннан бері өңірдегі орман аумағындағы жолдарға тосқауыл бекеттері қойылып, оған кіріп-шығатын автокөліктер түгел тексеріліп жатыр. Мобильді топтар бекітілген аймақтарды күн сайын аралап, жерден де, көктен де бақылайды. Қазір заңсыз ағаш кескендер қатаң жауапкершілікке тартылады. Мәселен бір шыршаны кескен адам 59 мың теңге айыппұл төлейді, ал үш-төртеуін бірден кессе қылмыстық жауапқа тартылады. Жалпы биыл шығыста браконьерлікке қатысты мыңға жуық адам әкімшілік жауапқа тартылған.
Ағабай Ақсақалов, Қатонқарағай ұлттық паркінің бөлім бастығы:
Қорғауды жүйелі жүргізу мақсатында аудандық ПБ қызметкерлерімен бірлесіп, 11 ұтқыр тез қимылдайтын топ құрылды. Техникалар жиі жүретін жолдардағы 2 орынға қадағалау өткізу пункттері қойылып, ол жерде тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14