Астанада жүзден аса көлік соқтығысқан
Бүгін Астанада жүзден аса көлік соқтығысты. Оған күрт нашарлаған ауа-райы себеп. Елордада қалың қар жауып, жол қозғалысы қиындады. Полиция қызметі жолда барынша сақ болуға шақырады. Көліктің техникалық жағдайын тексеріп, тек қысқы шиналармен жүруге рұқсат екенін еске салады. Ережені бұзғандарға 20 мың теңге шамасында айыппұл салынады. Ал алдағы үш күнде еліміз бойынша күн күрт суытады. Қазгидромет болжамына сәйкес минус 35 градусқа дейін аяз болады. Қазір Астанада коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Мыңнан аса техникамен 3 мың жұмысшы Елорданы қардан тазалап жатыр.
Айбек Нартпаев, Астана қалалық ІІД Патрульдік полиция полкінің командирі:
Құрметті Елорда тұрғындары мен қонақтары. Ауа-райының нашарлауына байланысты Полиция департаменті жолда барынша сақ болуды ескертеді. Жүргізушілерге жылдамдықты төмендету, қауіпсіз қашықтықты сақтау жол жағдайын мұқият бақылау ұсынылады.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14