Елді елең еткізген жаһан жаңалықтары
Бүгін Германия парламенті әскери қызмет туралы жаңа заң қабылдады.
Оның мақсаты - Ресеймен қатынас шиеленіскен шақта Бундесвер жауынгерлерінің
санын 2035 жылға дейін қазіргі 183 мыңнан 260 мыңға жеткізу.
Үндістанның «Индиго»
әуе компаниясы бүгін 500 рейсті доғаратынын жариялады. Соның салдарынан мыңдаған
адам сапарға аттана алмады. Бұл проблемаға осы авиакәсіпорнының пилоттарға
арналған жаңа кезекшілік кестесін жоспарлай алмауы себепші.
Индонезияда өткен
аптадағы алапат тасқын мен лай көшкіні құрбандарының саны 867-ге жетті. Тағы
521-і жоғалып кеткен. Дәл осы циклоннан Таиланд пен Малайзияда 200-ге жуық адам
қаза тапты.
Газадағы жағдайға наразы Словения, Испания, Ирландия, Нидерланды 2026 жылы «Еуровидениеге» әнші жіберуден бас тартты. Олар мұндай шешімді Австрияда өтетін ән байқауына Израильдің қатысатыны мәлім болғаннан кейін қабылдап отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы